Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының тұрғынынан 4 келіден астам марихуана табылды 

ТҮРКІСТАН, 13 қыркүйек. Түркістан облысының тұрғынынан екі полиэтиленді пакетке оралған жасыл түсті хош иісі бар есірткіге ұқсас зат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан “Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында “Фольксваген Пассат” маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөлік жолаушысы Түркістан облысының тұрғынынан екі полиэтиленді пакетке оралған жасыл түсті хош иісі бар есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 кг 755 гр құрайтын “марихуана” есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған азаматтың тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жүргізу барысында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған 31 түп өсімдіктер, темір ыдыстағы жасыл түсті хош иісі бар есірткіге ұқсас зат және тіркелмеген аңшылық қару анықталды.

Қазіргі таңда азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 287-бабының 2-бөлігі,  296-бабының 2-бөлігі және   300-бабының 2-бөлігімен қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Оған қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *