НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек.Жарылыста алғашқы анықтамаларға қарағанда, тоғыз кісі қаза тапты. 43 адам жарақат алды, деп TRT жазады.
Сирияның солтүстігінде оппозиционерлердің бақылауындағы Африн ауданында бомбалы көлікпен лаңкестік жасалды. Шабуылда тоғыз адам қаза тапты.
Түрік Қарулы күштерінің «Зәйтүн бұтағы» операциясы нәтижесінде терроризмнен тазаланған ауданда бомба тиелген көлік жарылды. Жарылыста алғашқы анықтамаларға қарағанда, тоғыз кісі қаза тапты. 43 адам жарақат алды.
Қауіпсіздік ақпарат көздері терроризмнен тазаланған аймақтағы лаңкестіктерді террорлық ұйым YPG/PKK жасағанын, алайда бейбіт халықты өлтіргені үшін мұның жауапкершілігін алмағанын білдірді.
Террористтер Түркия мен Ресей арасында 2019 жылы келісілген келісімге орай Тель-Рыфат ауданынан кетуі керек болатын. Ал олар сол жерден Баб, Азез, Джераблус және Африн аудандарын нысанаға алуда.