НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек.Тәртіп сақшылары Тәжікстанның екі азаматын ұстады, деп 360 телеарнасына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды.
Шетел азаматтары жүрген көліктен 500 граммға жуық героин табылды деп хабарланды .
Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі ұсталған мигранттардың еш жерде жұмыс жасамайтынын, Мәскеу маңындағы Мытищидегі жалдамалы пәтерде тұратындығын атап өтті.
Тәжікстан азаматтарына қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228.1-бабы «Есірткі заттарды ірі көлемде заңсыз өндіру, сату немесе жіберу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мигранттардың кінәсі дәлелденген жағдайда, олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.