НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек.Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» мен «Евфрат қалқаны» операциялары аймақтарына енуге тырысқан сепаратистік террористік ұйым PKK/YPG-лік 11 лаңкесі залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Бейбітшілік бұлағы» және «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында тыныштық пен сенімді ортаны бұзуға рұқсат берілмейтіні атап көрсетілді.
Мәлімдемеде «тыныштық пен сенімді ортаны бұзу үшін «Бейбітшілік бұлағы» мен «Евфрат қалқаны» аймақтарына енуге тырысқан сепаратистік террористік ұйым PKK/YPG-лік 11 лаңкес батыр әскерлеріміз тарапынан залалсыздандырылды. Аймақта тыныштық пен сенімді ортаны бұзуға рұқсат берілмейді» делінді.