Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да деструктивті діни ағымның ұстанушысы жауапқа тартылды

ПЕТРОПАВЛ, 16 қыркүйек. СҚО-да экстремистік материалдарды сақтағаны және таратқаны үшін деструктивті діни ағымның ұстанушысы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “ВКонтакте” әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында діни мазмұндағы аудиофайлдар мен фотоматериалдарды тарату фактісін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жазбалардың авторы анықталды. Ол бұрын сотталмаған Петропавлдың 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Деструктивті діни ағымдардың бірін ұстанған әйел жеке парақшасында аудио мен фотоны орналастырған. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша материал жинастырылды. Тіркелген контент ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетіне дінтану сараптамасына жіберілді. Сарапшылардың қорытындысы: материалдар экстремистік болып табылады және оларды ел аумағында тарату мен сақтауға тыйым салынған.

8 қыркүйек күні Петропавл қ. Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен бұзушы ҚР ӘҚБтК 453-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

» СҚО ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері дін заңнамасы саласында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Тұрғындардың деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар қатарына қосылып кетуін болдырмау үшін алдын алу жұмысы жүргізіледі. Қазіргі уақытта жаңа ұстанушыларды өз қатарына тарту негізінен мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылады. Ағымға тартушы адам сақтықпен әрекет етеді. Дей тұрғанымен, жыл басынан СҚО аумағында дін саласында 13 құқық бұзушылық анықталды. 8 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қалғандарына дінтану сараптамалары тағайындалды», – деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *