НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек. Нигерияның солтүстік шығысында террористік ұйым Боко Харам ұйымдастырған қарулы шабуылда 11 ауылдық қаза тапты, деп TRT жазады.
Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда Маидугуриге 90 километр алыстықтағы Уасарам ауылына келген Боко Харам мүшелері жан-жаққа оқ атқан.
Шабуылда ауылдық 11 кісі қаза тапты, көптеген адам жараланды.
Шабуылдан кейін қауіпсіздік күштері мен Боко Харам мүшелері арасындағы қақтығыста көптеген лаңкес жаралы қашты.