ТАРАЗ, 17 қыркүйек. Жамбыл облысының тұрғынынан 200 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қыркүйекте “Қарасора-2020” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының №5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірге Шу ауданы Тасөткел ауылдық округінің құмды аймағында бұрын ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған 21 жастағы жұмыс істемейтін тұрғынды ұстады.
Жігіттен 218 келі кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының УҰИ-не қамалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы бап бойынша мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.