Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түрік авиациясы Ирактың солтүстігінде екі лаңкесті жойды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек.Ирактың солтүстігіндегі Авашин аймағында КЖП террористік ұйымының объектілеріне шабуыл жасап, 2 террористті залалсыздандырды, деп Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу АА хабарлайды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Авашин аймағында барлау мен бақылау құралдарымен анықталған және шабуылға дайындалған КЖП-ның 2 содыры әуе операциясымен залалсыздандырылғаны көрсетілген.

Мәлімдемеде соңғы террорист жойылғанша операциялардың жалғасатыны атап көрсетілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы PKK-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, РКК лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

 

Сирияда РКК лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

 

Иранда РКК «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *