АЛМАТЫ, 24 қыркүйек. Бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік бұлағы» операциясы жүргізілген аймақтаңы Расулайн ауданына кіруге талпынды. Сирия Ұлттық армиясы әскерлері осы шабуылға тойтарыс берді, деп TRT жазады.
Сирия Ұлттық армиясы құрамындағы «Хамза» жасағынан алынған мәліметке қарағанда, Евфрат өзенінің шығысында басқыншы әрекеттерін жалғастырған террористтер түнде Расулайнның оңтүстігіндегі ауылдан енуге тырысты. Осыған орай Сирия оппозиция әскерлері мен террористтер арасында ыстық қақтығыс шықты.
Қақтығыста Сирия Ұлттық армиясы шығын бермеді.