НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Төрт исламшыл-содыр Египеттегі түрмеден қашпақшы болды, деп Reuters-ке сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Оқиға арнайы режиміндегі «Тора» түрмесінде орын алды. Қашуға тырысқан содырлар үш күзетшіні өлтірді. Алайда олар түрме аумағынан шыға алмады, нәтижесінде жойылды.
Содырлардың төртеуі де «Ансар аш-Шариа» тобының (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) мүшесі. Олар полиция қызметкерлері мен христиандарды өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген.