Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Париждегі лаңкестік шабуыл: ағы бес адам қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек.Олар осы іс бойынша тұтқындалған басты күдіктімен бірге бір үйде тұрған көрінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше «Шарли Эбдо» журналының бұрынғы кеңсесі маңында қарулы шабуыл болды. Мачетемен қаруланған екі адам 4 азаматты пышақтап кетті. Екеуі ауыр халде ауруханаға түскен. Оларға операция жасалып, қазір өміріне төнген қауіп жоқ. Көп ұзамай екі қылмыскер де қолға түсті. Басты күдікті – 18 жастағы пәкістандық осыған дейін заңсыз қару ұстағаны үшін полицияның назарына іліккен болатын. 2015 жылы екі адам Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялаған «Шарли Эбдо» басылымының редакциясына басып кіріп, 12 адамды мерт қылған еді.

 «Осыдан алты жыл бұрын тап осы көшеде, дәл осы ғимарат алдында лаңкестік шабуыл жасалған болатын. Мақсаттары белгілі еді, бізді қорқытып, үркіту, пікір білдіру, еркімізді шектегісі келген», — деді «Шекарасыз тілшілер» ұйымының бас директоры Кристоф Делуар.

Қазіргі кезде Франция полициясы лаңкестер шабуылдауы мүмкін нысандарда күзетті күшейтті. Бұл шараға 700-дей тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, алдағы күндері елдегі барлық синагогалардың күзеті күшейтіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *