Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Париждегі шабуылды ел прокуратурасы теракт деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек.Париж орталығында шабуыл жасады деген екі күдікті құрықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Франция Бас прокурорының мәліметінше, күдіктілердің бірі – бүгінгі шабуылдың басты фигуранты. Ол Париж операсы маңында қолға түскен. Ал екінші күдікті метрода ұсталыпты. Қазір оның аталған оқиғаға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Шабуылды ел прокуратурасы теракт деп таныды. Қазір оқиға орны қоршауға алынған. Сақтық мақсатында аймақ тұрғындарына ол жерден аулақ жүруге кеңес берілген. Бірнеше сағат бұрын «Шарли Эбдо» журналының бұрынғы кеңсесі маңында қарулы шабуыл болды. Салдарынан 4 азамат жарақат алды. Екеуі ауыр халде ауруханаға түскен. Зардап шеккендер 2015 жылы «Шарли Эбдо» журналы кеңсесіне жасалған шабуылға қатысты істе куәгер болған. Сол кезде екі адам аталған редакцияға басып кіріп, 12 адамды мерт қылған еді. Шабуыл жасағандар Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялағаны үшін басылымнан кек алғандарын мәлімдеген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *