НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек.Ливанның солтүстігіндегі Вади-Халед аймағында Ливан армиясымен қақтығыс нәтижесінде 13 содыр өлтірілді. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Ливан армиясы сенбі күні Сирия шекарасына жақын орналасқан Вади-Халед аймағындағы қарулы топқа шабуыл жасады, нәтижесіндн тараптар арасындағы қанды қақтығыс болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ливанның солтүстігінде әскерилер екі апта бұрын Аль-Беддави аймағындағы шайқасқа қатысқан « Ислам мемлекеті» террористік тобының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мүшесін тұтқындады , нәтижесінде төрт сарбаз бен топ жетекшісі қаза тапты.