НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек.Жарылыс сенбі күні Сирияның Түркиямен шекаралас орналасқан Рас-эль-Айн қаласында болды. Бұл туралы SANA агентігіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлайды.
Жергілікті ақпарат көздері шабуылдан жеті бейбіт тұрғын, оның ішінде екі бала қаза тапты деп хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, қала орталығында тұрған автокөлік жарылды.
Бұрын хабарланғандай, 27 тамызда Рас-эль-Айндегі жарылыс кезінде екі адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған.
Рас -ль-Айнның өзі сияқты, шекара аймағы, бір-бірімен соғысып жатқан қарулы сириялық оппозицияның түрікшіл құрамаларының бақылауында. Сонымен қатар, бұл аймақта түрік әскерлері мен оппозициялық содырларға қарсы шабуыл жасайтын «Халықтық қорғаныс күштерінен» күрд отрядтары әрекет етеді.