НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Қырғызстанда өңіраралық араздықты қоздырды және үкіметті күшпен құлатуға шақырды деген күдікпен «Кырк уруу жети дубан» қозғалысының мүшелері ұсталды, деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлайды.
Оның сөзіне қарағанда, Интернетте белгісіз адамдар, билікті күшпен басып алуға шақыратын видео тарады. Сот-саясаттану сараптамасы бұзушылық фактісі расталды, Бішкектің ІІББ қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді анықтады.
30 қыркүйекте «Кырк уруу жети дубан» («Жеті аймақтан қырық ру») қоғамдық бірлестігінің 26 мүшесі ұсталды.
Ішкі істер депарматентіне жеткізілген 26 адамның жиырмасының есірткі қолданғаны белгілі болды.
Қозғалыс жетекшілері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды:
- Ш.М., 1985 жылы туған, бұрын сотталмаған;
- А.А., 1971 жылы туған, бұрын есірткі сақтағаны үшін екі рет сотталған
- А.О., 1964 жылы туған бұрын екі рет сотталған — зорлау және контрабанда үшін;
- Р.Б., 1972 жылы туған;
- К.Ж., 1966 жылы туған, бұрын тонау, бұзақылық және ұрлық үшін үш рет сотталған.
Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабы «Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңіралық араздықты қоздыру» бойынша іс қозғалды. Тергеу басқа қозғалыс мүшелерінің қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін анықтауда.