НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Бейсенбі күні Сомали астанасы Могадишоның Хаул-Вадааг аймағында болған жарылыс кезінде барлау органдарының кем дегенде екі қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Somali Guardian ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Портплдың ақпараты бойынша, шабуылды жанкешті-лаңкес жасаған. Жарылыс Блэк-си деп аталатын екі тас жолдың қиылысында болды.
Сомалидің Shabelle радиостанциясы жарылыс болған аймақ қоршауға алынғанын және қосымша әскери күштер келгенін атап өтті. Зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіліп жатыр.