Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШЫҰ аясында үнді және пәкістандық әскерилермен бірлескен жаттығу өткізу мақұлданды

НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әскери оқу-жаттығулар аумағы кеңейтілуі мүмкін, деп  24.kz хабарлайды. 

Сенат отырысында депутаттар 2007 жылғы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Осылайша ұйымға соңғы болып қосылған Үндістан мен Пәкістан елдерін әскери жаттығуларға жұмылдыру жағы қолға алынбақ. Жауынгерлік оқулар бірінші кезекте лаңкестікке қарсы іс-қимыл шаралары шеңберінде жүргізіледі. Осы мақсатта Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше кез келген мемлекеттің аумағы таңдалуы мүмкін. Алдағы әскери жаттығулардың нақты мерзімі әзір белгісіз.

«Бұл антитеррор, террорға қарсы жаттығулар. Одан кейін бірнеше мемлекеттің қарулы күштерін үйлестіріп бір жаттығу жасайды. Бұл енді біздің бірнеше мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заң жобасы деп есептеймін. Бюджетке ешқандай қосымша қаржы талап етпейді», — деді  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *