Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Франция президенті діни сепаратизммен күресуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан.Франция президенті Эммануэль Макрон бүгін Иль-де-Франс аймағының Ле Муро қаласында сөз сөйлеп, діни сепаратизмнен сақ болуға және онымен күресуге, сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметіне бақылауды күшейтуге шақырды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазады .

Э. Макрон заңға қайшы келетін діни сепаратизммен күресу және патриотизмнің көмегімен діни экстремизмге қарсы тұру керек деп мәлімдеді. Ол 9 желтоқсандағы Үкімет отырысында сепаратизмге қарсы күрес туралы заң жобасын ұсынатынын мәлімдеді.

Франция президенті діни бірлестіктердің қызметіне бақылауды күшейту керектігін айтты. Мемлекеттік немесе аймақтық субсидиялар алуға өтініш білдірген діни ұйымдар сепаратистік күштерді қаржыландыруға қоғамдық қаражаттың жұмсалмауын қамтамасыз ететін «келісімшартқа» қол қоюы керек. Э.Макрон сонымен қатар елдегі діни өмірге шетелдік ықпалдың әлсіреуі қажет деп мәлімдеді.

Соңғы бірнеше жылда Э.Макрон бірнеше рет діни сепаратизмге қарсы сөз сөйлеп, осы құбылысқа қарсы күресуге, сондай-ақ шетелдік ықпалдың әлсіреуіне шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *