НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. Францияның Француздық Гвиана теңіз департаментінің Деград де Канн коммунасында полиция 540 килограмм кокаин партиясын тапты. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Француз Гвианасының астанасы Кайенна қаласының маңында 30 келіден 18 қапқа салынған кокаин сақтаған ер адам қамауға алынды. Тұтқындалған ер адам Деград де Канн портының қызметкері болып жұмыс істеді және тыйым салынған жүкті теңіз арқылы тасымалдамақ болған.