НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба тиелген жүк көлігімен лаңкестік жасалды. Алғашқы анықтамаға қарағанда 14 адам қаза тапты, 50 адам жарақат алды, деп TRT жазады.
«Евфрат қалқаны» операциясында терроризмнен тазаланған Баб ауданы орталығында бейбіт тұрғын көп жиналған жерде жүк көлігіне орналастырылған бомба жарылды. Лаңкестікте арасында балалар мен әйелде бар 14 адам қаза тапты. 50 адам жарақат алды.
Жаралы азаматтар Бабтағы ауруханаларға жеткізілді. Аймаққа барып жеткен Азаматтық қорғаныс қызметкерлері қалдық астында қалғандарды құтқаруда.
Жарылыстан кейін төңіректе үлкен шығын болды.
Баб аудан орталығында алдынғы күні де жарылыс болып, екі адам қаза тапқан еді.