НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. Ресейде жыл басынан бері полиция қызметкерлері 139 есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы 7 қазанда ішкі істер министрі Владимир Колокольцев мәлімдеді, деп REGNUM АА жазады.
«Жыл басынан бері Ресей Федерациясында негізінен синтетикалық есірткі шығаратын 139 зертхана жойылды», — деді ол.
Сонымен қатар, 130 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды, 12 тонна тыйым салынған заттар тәркіленді, оның 10 тоннасын ішкі істер қызметкерлері тәркіледі, деп атап өтті министр.
Бұған дейін Ресей ІІМ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі бас басқармасының бастығы Андрей Храпов коронавирустық пандемия кезінде Ресейге есірткі контрабандалық жеткізілімдері күрт төмендегенін айтқан. Оның айтуынша, бұл қатаң шектеу шараларын енгізумен, соның ішінде шекаралардың жабылуымен байланысты.