Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Красноярск өлкесіндегі колонияда екі сотталушы терроризмді насихаттаған

НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Краснояр өлкесінің Федералды үкімді орындау қызметі басқармасымен бірлесе отырып террористік қылмысқа қатысы бар үш азаматтың әрекетін тоқтатты. Бұл туралы ФҚҚ аймақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM  АА хабарлады.

Олардың екеуі түрмеде отырып, тұтқындар арасында террористік үгіт-насихат жүргізгені анықталды.

 «Нәтижесінде, олар ниеттес адамды тапты. Ол  идеологиялық  насихаттан кейін радикалды исламның жақтаушысы болып, 2020 жылы түрмеден шыққаннан кейін де терроризм идеяларымен байланысты заңсыз әрекеттерді жалғастырды», — деп атап өтті басқармада.

Терроризмді насихаттағаны үшін үш қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде Бірінші Шығыс аудандық әскери сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды қатаң режимдегі колонияда 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *