НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пуль провинциясындағы бомбаның жарылуынан кем дегенде он әскери қызметкер мен үш бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Tolonews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Телеарнаның хабарлауынша, тағы үш адам зардап шеккен.
Лаңкестердің нысаны әскери колонна болды.