НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Сомали астанасы Могадишоның шетінде сенбіде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Somali Guardian жаңалықтар порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Порталдың ақпараты бойынша, шабуылдың мақсаты Могадишо мен Афгойе қаласы арасында жүрдек жолдың құрылысына қатысқан түрік мамандары болған. Зардап шеккендер бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз.
Түркия — Сомали экономикасына 1 миллиард доллардан астам инвестиция салған ең ірі инвестор. Түрік компаниялары Могадишо халықаралық әуежай мен теңіз портын басқарады.
2016 жылы Анкара Сомали астанасында басқа түрік елшіліктеріне қарағанда үлкен елшілік кешенін ашқан.