НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Шешенстанда екі қарулы содыр жойылды. Бұл туралы Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің (ҰТК) ақпарат орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
«Шешенстан республикасында терроризмге қарсы операция кезінде екі қарулы бандит залалсыздандырылды», — деп хабарлады ҰТК.
Бастапқыда, арнайы жасақ күштері қылмыскерлерді Ассиновская ауылынан оңтүстік-батысқа қарай екі шақырым жерде қоршауға алды.
«Билікке берілу туралы ұсынысқа жауап ретінде олар автоматты қарудан оқ жаудырды, нәтижесінде олар жойылды», — деді ҰТК.
Терроризмге қарсы комитеттің мәліметінше, қауіпсіздік органдары Серноводск ауданында қарулы адамдардың бар екендігі туралы ақпарат алды.
«Олардың лаңкестік әрекеттерді жасауына жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей ФҚҚ республикалық басқармасының бастығы терроризмге қарсы операцияны жүргізу және тиісті құқықтық режимді енгізу туралы шешім қабылдады», — деп түсіндірді ҰТК.
Қазіргі уақытта арнайы операция жалғасуда.