ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 қазан. Алматы облысы Талғар қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«13 қазанда аудан әкімдігінің ғимаратында терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, сабыр сақтауын сұраймыз», — делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтермен жауынгерлік жағдайда өтуде. Іс — шараның мақсаты-терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.