НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Ағымдағы жылдың тоғыз айында украиналық шекарашылар 379 келі есірткіні анықтап, тәркіледі. Бұл туралы Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің (УМШҚ) баспасөз қызметі хабарлады, деп REGNUM АА жазады.
Баспасөз қызметі 379 кг есірткінің 310-ны Украина аумағына әкелу кезінде ұсталғанын хабарлады.
Есірткінің басым бөлігі теңіз арқылы тасымалданды — 259 кг, Ресеймен шекарада 47 кг, Польшамен шекарада 43 кг және Румыниямен шекарада 12 кг ұсталды.
Есірткінің басым бөлігі кокаин болды — 264 кг. Оның қара нарықтағы құны 1 миллиард гривеннен немесе 35 миллион доллардан асады, деп атап өтті баспасөз қызметі.