НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Ағры Доғубеязыт ауылдық аймағында «Йылдырым-3» операциясы аясында КЖП-ның 6 мүшесі залалсыздандырылды, деп TRT жазады.
Ішкі істер министрлігінің Твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде Ағры Доғубеязыт ауылдық аймағында «Йылдырым-3» операциясы аясында басталған және жалғасып жатқан операцияда 6 террористің әуе күштерінің де қолдауымен залалсыздандырылғаны білдірілді.
Ағры губернаторлығы жасаған мәлімдемеде болса 6 террористің залалсыздандырылуымен 2020 жылы 3-13 қазан күндері арасында жүзеге асқан операцияларда Доғыбеязыт ауданы мен Ағры ауылдық аймақтары бойынша залалсыздандырылған террорист санының 9-ға жеткені атап көрсетілді.
Операцияларда террористтерге тиесілі қару мен көптеген тіршілік материалының да қолға түскені атап көрсетілген мәлімдемеде операциялардың жалғасқанына орын берілді.