Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Франция мен Марокко есірткі саудасымен күрес бойынша келісім жасасады

НҰР-СҰЛТАН, 18  қазан. Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Мароккоға барып, әріптесі Абделуафи Лафтитпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.

Марокконың астанасы Рабат қаласында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар көші-қон, терроризмге қарсы күрес және Дарманен бар жігерін салып күресіп жатқан есірткінің заңсыз айналымы мәселелерін талқылады.

«Біз ұлттық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күреске қатысты көптеген мәселелерді талқылай алдық», — деді француз министрі.

Саясаткер сондай-ақ екі елдің есірткі саудасымен күрес жөнінде келісім жасасуға ниетті екенін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Марокко жыл сайын Еуропаға 23 миллиард долларды құрайтын 700 тоннаға жуық психотроптық заттарды жеткізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *