НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан.Сауд Арабиясының билігі патшалық азаматтары мен елде тұрақты тұратын басқа адамдарға Әл-Харам мешітінде дұға етуге рұқсат берді, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан Сауд Арабиясының «Әл-Ихбария» телеарнасына сілтеме жасап.
Әл-Харам мешіті — әлемдегі басты және ең үлкен мешіт.
Елде коронавирустың таралуына байланысты, Исламның басты қасиетті орны — Қағба орналасқан кешенде намаз оқуға тыйым жеті айға созылды.
Жексенбі күні Сауд Арабиясының Қажылық және умра істері министрлігі исламның қасиетті жерлеріне кіші қажылықты – умраның екінші кезеңін жүзеге асырудың басталуы туралы хабарлады, бұл өткізу қабілетін 30% — дан 75% — ға дейін арттыруды көздейді.
Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы коронавирустық пандемияға байланысты биыл Мекке мен Мединадағы исламның қасиетті жерлеріне шетелден келген қажылар үшін қажылықты тоқтатты.