НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Бұл ел тарихында болмаған жағдай, деп хабарлайды 24.kz.
Тәртіп сақшыларының анықтауынша, есірткінің құны шамамен 500 миллион долларды құрайды.
Полиция қызметкерлері кокаинді Израильге жол тартқан 6 жүк контейнерінен тапқан. Анықталғандай, контейнерлердің бәрі Кристиан Турринидің атына рәсімделіпті.
Айта кетейік, бұл азамат бұрын Парагвай телеарналарының бірінде басшылық қызметін атқарған. Енді ол осы іске қатысты түсініктеме беруі тиіс.