НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Түркияның есірткі бизнесіне қарсы полиция қызметкерлері елдің оңтүстігіндегі Мерсин портты қаласында 220 келі кокаин тәркіледі, деп Анадолу агенттігі жазады.
Арнайы операция елдің оңтүстігіндегі Мерсин портында жүргізілді.
Мерсин прокуратурасының хабарлауынша, есірткі Бразилиядан келген жүк кемесінен табылған.
Мекеме мәліметі бойынша, тәртіп сақшылары кемені тексеру кезінде кокаин жасырылған қағаз салынған контейнерлер тапты.
Арнайы операция барысында екі күдікті ұсталды.