НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Одессада Украина Қауіпсіздік қызметі 750 келі каптагон транзитін тоқтатты. Бұл туралы Украина Қауіпсіздік қызметі баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Мекеме хабарлауынша, каптагонды исламшыл террористік топтардың өкілдері содырлардың психикасына әсер ету үшін жиі пайдаланады.
«Арнайы операция барысында жедел уәкілдер мен арнайы қызметтің тергеушілері есірткі тасымалын Одесса мен Львовтың екі тұрғыны ұйымдастырғанын анықтады. Олар психотропты заттарға Жерорта теңізі бассейнінің бір елінде тапсырыс берді. УҚҚ қызметкерлері тауар қыркүйек айының басында «Южный» теңіз портына келгенін, ол жерде тәттілер салынған контейнерде жасырылғанын құжаттады», — делінген хабарламада.
Кейінірек тергеушілер күдіктілердің есірткіні қоймаға ауыстырғанын және оны одан әрі Парсы шығанағы елдерінің біріне тасымалдау үшін крахмал партиясын сатып алғанын білді.
Зиянкестер ұсталып, есірткі тәркіленді. Қара нарықтағы «әскери есірткі» партиясының құны 30 миллион доллардан асады, деп атап өтті УҚҚ.
Бұған дейін Украинаның Мемлекеттік шекара қызметі 2020 жылдың басынан бері ел шекарасынан 379 келі есірткі тәркіленгенін хабарлаған.