Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы және Алматы облысында ҰҚК бөлімшелерінің іс-қимылдарының тиімділігін арттыру бойынша оқу-жаттығулар өтті

АЛМАТЫ, 22 қазан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында «Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларды, Мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында ҚР ҰҚК бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды.

«Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің халықаралық терроризм мен экстремизмнің өзге де көріністерінен туындайтын қауіп-қатерге қарқынды қарсы тұру ісінде күш-жігерін біріктірудегі кезекті қадам болды», — деді комитеттен. Сонымен қатар іс-шара барысында жағдайды бағалауға бірыңғай тәсілді және террористік қауіп-қатер әкелушілер мен олардың қайнаркөздерін жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесін әзірлеу пысықталды. Оқу-жаттығу қорытындылары бойынша бөлімшелер қойылған міндеттерді сәтті орындап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *