НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастығы талқыланды, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті.
Кездесу барысында тараптар бітімгершілік қызмет, терроризм мен экстермизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.