НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. Оңтүстік округтік әскери соты Сағид Казимагомедовты «Ислам мемлекеті» (ИМ) (ҚР тыйым салынған ұйыи) халықаралық террористік ұйымының мүшесіне ақша аударғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Сот үкіміне сәйкес, Казимагомедов кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында бес жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сот Казимагомедовтың 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жылдың ақпан айына дейін Дондағы Ростовта және Ростов облысының Займище ауылында бола отырып, ИМ (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) мүшесіне қолма-қол ақшасыз төлем жүйелерін қолдана отырып үнемі ақша жіберіп отырғанын анықтады. Жалпы ол 704,5 мың рубль жіберді.
Сот Казимагомедовты РФ ҚК 205.1 бабының 1 бөлігі («Террористік қызметке жәрдемдему») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Үкім заңды күшіне енбеген және оған шағым жасалуы мүмкін.