НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Әскерилер хуситтердің позицияларын ұстап қалып, нәтижесінде 13 содырдың көзің жойды, деп Анадолу агенттігі жазады.
Йемен әскерінің елдің шығысындағы Мариб қаласында жүргізген операциясының нәтижесінде «Ансаруллах» (хуситтер) қозғалысының 13 содыры өлтірілді.
Әскери дереккөздердің хабарлауынша, Йемен армиясының бірлестіктері Марибадағы Эль-Махдар аймағында арнайы операция өткізді.
Әскери қызметшілер хуситтердің позицияларын ұстап қалды, нәтижесінде 13 содыр өлтірілді.
Әскери қызметкерлер арасында қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.