НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында көлікке тиелген бомбаның жарылуы кесірінен 2 адам жарақат алды, деп TRT жазады.
Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында көлікке тиелген бомбаның жарылуы кесірінен 2 адам жарақат алды.
«Евфрат қалқаны» операциясы аймағында орын алған Баб аудан орталығында тоқтап тұрған көлікке тиелген бомба жарылды.
Шабуылында 2 адам жарақат алды. Жарақаттанғандар аудан орталығындағы ауруханада емделіп жатыр.
Оқиға орнын тексерген жергілікті қауіпсіздік күштері бомбалы шабуылдың террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жасалғанын алға тартуда.
Тель-Рифат және Манбидж аймақтарында жаулауын жалғастырған бөлшектеуші террор ұйымы Баб, Азез, Джераблус жәен Африн аймақтарында үнемі лаңкестік шабуылдар ұйымдастыруда.