ТҮРКІСТАН, 29 қазан. Сарыағаштық полицейлер заңсыз айналымнан екі келіге жуық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданының полицейлері “Жетісай-Шымкент” тас жолында күдік тудырған “Toyota Rav 4” маркалы автокөлігінен есірткіге ұқсас зат тәркіледі.
Өткізілген сараптама нәтижелеріне сәйкес алынған зат – салмағы екі келіге жуық хош иісті “марихуана” болып табылады.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.
Жүргізуші қамауға алынды. Қазіргі таңда полицейлер аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.