ҚАРАҒАНДЫ, 31 қазан. Қарағандыда көлік жүргізушісінен екі келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылы 26 қазанда Жаңаарқа ауданының ПБ қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тас жолында “ВАЗ-21140” маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Автокөлікті қарау барысында жүк салғышындағы ақ түсті қаптың ішінен қоңыр түсті кептірілген, спецификалық иісі бар шөп тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 2 кг 400 грамнан астам кептірілген марихуана екені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.