Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ниццада қырғын ұйымдастырған Тунис азаматы лаңкестік топпен байланыста болды

НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Ниццаның орталығындағы Нотр-Дам соборының келушілеріне шабуыл жасаған тунистік Ибраһим әл-Исауи бұған дейін «Тунистегі Ансар аш-Шария» лаңкестік тобының өкілдерімен байланыста болған. Бұл туралы Shems FM радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .

 «Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сүйенсек, Ниццада шабуыл жасаған Тунис азаматы он бір жасқа толғаннан кейін 2012-2013 жылдары Кайруан провинциясында өткен «Тунистегі Ансар аш-Шария» исламдық салафиттік ұйымының жиналыстарына қатысты», — делінген радиостанция хабарламасында.

Әл-Исауидің отбасы мүшелерінің айтуынша, ол Еуропаға қазан айының басында жұмыс іздеп теңіз арқылы заңсыз түрде кірген. Туыстары оны Францияға барудан бас тартуға тырысты, өйткені ол жерде оның таныстарым болмаған, сонымен қатар ол француз тілін білмеді. Тунистен кетер алдында әль-Исауи автослесарь, содан кейін Сфакс провинциясында жанармай бекетінің операторы болып жұмыс істеген.

Тунис үкіметі «Аль-Каидамен»  (Қазақстанда тыйым салынған) байланысты радикалды исламдық «Тунистегі Ансар аш-Шариа» ұйымын 2013 жылы лаңкестік топ деп таныды. Сол кезде оның 10000-ға жуық мүшесі болған. Тунис билігі радикалды исламистермен күресті бастағандықтан, топ мүшелерінің көпшілігі 2013-2015 жылдары Ливияға көшіп барды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *