НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясында болған екі лаңкестік әрекеттен үш ауған шекарашысы қаза тапты, деп Синхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Ақпарат бойынша, «Талибан» қозғалысының лаңкестері (ҚР тыйым салынған ұйым) Хан-Абад аумағында әскери көлікті жарып жіберген. Жарылыс салдарынан үш әскери қызметкер қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Кундуз провинциясы губернаторының әкімшілігі де минометтен атылды. Шабуылда бес ауған полиция қызметкері жарақат алды.