НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Венесуэланың құқық қорғау органдары елдің батыс бөлігіндегі Баринас штатында 119 кг кокаин тәркіледі. Бұл туралы республиканың мемлекеттік телевизиясына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Операция барысында есірткі сату желісін ұйымдастырды деген күдікпен Венесуэланың екі азаматы ұсталған. Қазіргі уақытта полиция олардың сыбайластарын іздестіруде.
Биліктің хабарлауынша, 2020 жылдың басынан бастап Венесуэланың құқық қорғау органдары 7 тоннаға жуық марихуана мен 5 тоннадан астам кокаин тәркіледі.