НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Вена қаласының полиция қызметкерлері шабуылдаушылар ел астанасының алты жерінде оқ атқанын анықтады, деп Австрия ішкі істер министрлігінің өкілі Гаральд Зёрёс мәлімдеді, деп ORF телеарнасына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Бұған дейін Венада азаматтарды лаңкестік әрекет қаупі туралы хабардар ету үшін әуеге полиция тікұшағы көтерілгені хабарланған болатын.