НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша.Терроризммен күресу үшін ынтымақтастықты халықаралық деңгейде нығайту қажет. Бұл туралы 5 қарашада ORF телеарнасы көрсеткен Вена орталығындағы террористік шабуылға арналған елдің Ұлттық кеңесінің арнайы отырысында сөйлеген сөзінде Аустрия канцлері Себастьян Курц айтты, деп REGNUM АА жазады.
«Алдын алу шаралары мен тергеуден басқа, ең алдымен халықаралық ынтымақтастық қажет» , — деді Курц.
Сондай-ақ, ол исламшыл терроризм бүкіл әлемде «желіге біріктірілген» және барлық жерде бірдей қауіпті екенін атап өтті.
«Еуропаның алдында біз тек бірлесіп шеше алатын ортақ мәселе тұр», — деп атап өтті Австрия канцлері.
Бұған дейін Аустрия канцлері Себастьян Курц ел билігі болашақта мемлекет пен конституцияға қарсы әрекет ететін радикалды құрылымдардың болуына жол бермеуге тырысады деп айтқан.