НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша.Қазіргі уақытта француз әділет органдары Париж маңындағы Конфланс-Сент-Онорин қаласындағы мұғалім Самуэль Пати қаза болған лаңкестік шабуылға байланысты терроризмді насихаттау, қоқан-лоққылар мен арандатушылықтар істері бойынша 187 тергеу жүргізуде. Бұл туралы 5 қарашада France Info мемлекеттік радиостанциясына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Тергеу органдарының хабарлауынша, екі аптаның ішінде Париж прокуратурасы теракт жасалғаннан кейін немесе оған дейін тіркелген терроризмді насихаттау фактілері бойынша елуден астам іс қозғады.
Сондай-ақ, 22-29 қазан аралығында елде 93 осындай тергеу басталғандығы және олардың жалпы саны бүгінде 187 екені көрсетілген.
Бұған дейін хабарлағандай, 16 қазанда Париж маңындағы Конфланс-Сент-Оноринде 18 жасар исламшы сөз бостандығы туралы дәрістерде Charlie Hebdo сатиралық журналында шыққан Мұхаммед пайғамбардың карикатуралырын көрсеткен мұғалім Самуил Патиді өлтірді.