Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеу облысында 1,5 кг астам героин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. Фрязино қаласының полициясы 1,5 кг героинмен екі мигрантты ұстады, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Петроваға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

 «Фрязино қалалық округіндегі үйлердің бірінің жанында есірткі сатты деген күдікпен жақын шетелдердің 24 және 25 жастағы тумалары ұсталды. Ұсталғандарды жеке тінту кезінде және олардың пәтерінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 1,5 кг асатын, ұнтақты зат салынған 900-ге жуық пакетті тәркіледі. Олардың алтауына жүргізілген химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген ұнтақ есірткі — героин екендігі анықталды », — деді Петрова.

Есірткіні заңсыз сату әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі фигурант та да қамауға алынды, олар  20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *