НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша.«Хизб-ут-Тахрир» * діни экстремистік ұйымының мүшесі қамауға алынды, деп Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлайды.
Ол астыртын ұйымдардың диверсиялық қызметінің жолын кесу жөніндегі шаралар аясында ұсталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам конституцияға қарсы көзқарастарды ашық білдіріп, тыйым салынған ұйымның идеологиялық принциптері мен идеяларын таратқан.
ҚР Қылмыстық кодексінің 313-бабы «Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты (алауыздықты) қоздыру» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізілуде.
Сот шешімімен ұсталған адам МҰҚК тергеу изоляторына қамалды .
Еске салайық, 20 қазанда Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) қызметкерлері сириялық содырлармен байланыста болған халықаралық лаңкестік ұйымдардың бірінің екі мүшесін ұстады .
* ҚР-да тыйым салынған ұйым