Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Президент тапсырмасы: ІІМ есірткіге қарсы күресті күшейтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша.  ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс — қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов Мемлекет басшысының есірткі саудасына қарсы күресті күшейту міндеті қалай орындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ІІМ коллегиясының отырысында Мемлекет басшысы есірткі саудасына қарсы күресті күшейту міндетін қойған болатын. Әсіресе бұл ретте есірткіні жарнамалау фактілеріне ерекше назар аударылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келе жатқанын атап өткім келеді. Заңнамалық база қайта қаралып, жаңа психикалық белсенді заттардың есепке тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Есірткі саудасының қазіргі тегеурініне жауап беретін қылмыстық істердің жаңа құрамы енгізілді. Бұл ретте ең алдымен интернет арқылы оны өткізу қылмысына баса назар аударылып отыр. Бұдан былай бұл қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады. Оны жасаған адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылады», — деді Тілеген Маткенов ІІМ-нің онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша есірткіні жарнамалау бойынша 64 қылмыстың беті ашылған. Сондай-ақ оның ішінде интернет арқылы есірткі өткізудің 39 жағдайы анықталған. Бұл факттар бойынша 41 қылмыстық іс сотқа жолданған.

«Бүгінгі таңда Жоғарғы сотпен бірлесе отырып, біз Нормативті қаулы жобасын әзірлеп жатырмыз. Ол қылмыстық істерді тергеуде бірыңғай амалды қолдану бойныша құқықтық практиканы түсіндіруге мүмкіндік береді. Осы жұмыстардың аясында жыл соңына дейін психикалық белсенді заттар мен прекурсорлардың тағы жаңа 32 түрін мемлекеттік бақылауға енгізу бойынша Үкімет қаулысы қабылданады. Сонымен қатар осы айда белгісіз қолданушылардың пайдасына ақша аудармасын жүргізуге тыйым салуға туралы Ұлттық банкпен бірге бірлескен нормалар күшіне енеді», — деді ол.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *