НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. Сирияның солтүстігіндегі Расулайн және Талль-Абъяд аймақтарында бір тәулікте 26 лаңкес залалсыздандырылды. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.
Мекеме мәліметінше, КЖП лаңкестерінің сириялық қанатының содырлары түрік әскерилерінің орналасқан жеріне шабуыл ұйымдастыруға дайындалып жатқан.
Қорғаныс министрлігі Сириядағы терроризмге қарсы операциялар аймақтарында бейбітшілік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бел буғанын атап өтті.
КЖП террористері Түркиядағы жағдайды тұрақсыздандыру және мемлекеттілікке нұқсан келтіруге бағытталған террористік шабуылдыр жасайды.
Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.
АҚШ пен Еуропа Одағы PKK-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.
Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, РКК лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.
Сирияда РКК лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.
Иранда РКК «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.